Ақтауда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 18 қыркүйек күні жұмысынан шығып кетіп, оралмаған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталған. Қазір ер адам уақытша қамау изоляторында. Ол өз қылмысын мойындаған.
Еске сала кетейік, Алима Кульчикова 18 қыркүйек күні жұмысқа кетіп, үйіне оралмаған. Анасы оны іздеп, қызының жоғалғаны туралы өтініш жазған. Осыдан соң адам жоғалғаны туралы қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
19 қыркүйек күні жедел іздеу шараларын жүргізу барысында 1980 жылы туған әйелдің денесін табады. Анықтай келе, оның Алима Кульчикова екені дәлелденді.
Кешке қылмыскер өз кінәсін мойындап, түсінік берген.
«Күдіктінің айтуы бойынша, 18 қыркүйек күні, сағат 15.00 шамасында 33-шағынауданда орналасқан «Дина« супермаркетінің жанында көлігінде әйелді тұншықтырып өлтірген. Денесін біраз уақыт өткесін, жолға тастап кеткен»,-делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша іс қозғалған.
- Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты
- Оралда шоқыну мейрамында ойықтан су алуға келген 78 жастағы қария көз жұмды
- Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды
- Қостанай облысында мемлекеттік шекарада 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр
-
Семейде таныстарының атынан онлайн несие алған алаяқ түрмеге қамалды
-
Биыл Алматыдағы қисайған 17 көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам