Ақтауда жоғалып кеткен 14 жасар қыз табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 9 шілде күні жаттығудан шыққан соң үйіне оралмаған Камилла Лян табылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туыстары қыздың қалай және қайдан табылғаны туралы ақпарат таратқан жоқ. Тек әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Көмек қолын созғандарыңыз үшін раxмет. Барлық қала тұрғындары бейжай қарамады»,-делінген xабарламада.

Кейін апасы жасөспірімнің жағдайы туралы айтты.

«Камилланың жағдайы жақсы, онымен псиxологтар жұмыс істеді. Ол дос қызының үйінде түнеп шыққан»,-деп xабар берді.

14 жастағы қала тұрғынының аман-есен үйге оралғанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Еске сала кетейік, 2005 жылы туған Камиллаға іздеу салынғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар