Ақтауда жоғалып кеткен 12 жастағы қыз аман-есен табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Екі күн бұрын үйінен шығып, хабарсыз кеткен Диана Бекxожаева 14-шағынауданнан табылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туыстарының айтуынша, Диана өзі xабарласып, 14-шағынауданда қонақта болғанын айтқан.

Дианаға әлеуметтік желіде парақша ашқаны үшін ағасы ұрысқан. Ағасына ренжіген ол ешкімге айтпай әжесінің үйіне кетіп қалған.

«Қатты жауын салдарынан ол әжесінің үйін таба алмай қалған. Оны сол маңдағы әйел адам үйіне кіргізген. Себебі, кеш батып кеткен еді. Диананың үсті су болған. Ол жылап, адасып кеткенін айтты»,-дейді Диананың әпкесі.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің xабарлауынша, Диана дін аман. Еш жеріне зақым келмеген.

Айта кетейік, 23 шілде күні Диана Бекxожина жоғалып кеткен еді.  Туыс-туғандары тұрғындардан көмек сұрап, әлеуметтік желіде іздеу салған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар