Ақтауда жоғалған қыз Түркістаннан табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Осыдан 2 күн бұрын жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістан қаласынан табылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі МО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырмызы Энепияева Түркістан қаласында танысының үйінде болған.

«МО ІІД криминальдық бөлім қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Азаматшаның ұялы телефон нөмірі тексерілді. Соңғы рет кіммен сөйлесті, қашан сөйлесті. Нәтижесінде Түркістан қаласына кеткені анықталды. Ол дін-аман», - деді департамент өкілдері.

Қырмызы Энепияева бұрын пойызда жолсерік болып қызмет еткен.  Ол Түркістанға пойызбен кеткен. Қырмызының ешкімге ескертпей ол жаққа не үшін кеткені белгісіз.

Еске сала кетейік, Мұнайлы ауданының тұрғыны Қырмызы Энепияеваның із-түссіз кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар