Ақтауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook парақшасына сілтемежасап хабарлайды.

Комиссия жұмысының әтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды.

«Бұл шешім «МАЭК» ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады»,-делінген жазбада.


Соңғы жаңалықтар