Ақтауда «Жеңіс» саябағын жаңғыртуға 356 млн теңге бөлінген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда "Жеңіс" саябағын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар 356 млн. теңге бөлген, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саябақты жаңғырту жұмыстары аясында 10100 шаршы метр жерге жаңа жаяу жүргінші жолы төселеді. Мәңгілік алау мемориалынан бастап ұшақ макетіне дейінгі аумаққа орындықтар мен xалық демалуға ыңғайлы орындар жасалады. Сонымен бірге қоқыс жәшіктері орнатылады.

«Жоба құны 356 млн теңгені құрап отыр. Жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады», - дейді мердігер мекеме өкілдері. Жұмыспен айналысатын - "Нұрсәт" ЖШС.

null

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы төселіп, ерекше үлгідегі көше шамдары қойылады. Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, күзге қарай бұл аумақ адам танымастай өзгереді.

null

Соңғы жаңалықтар