Ақтауда жел тұрғын үйдің қабырғасының қаптамасын құлатып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 34 шағынаудандағы тұрғын үй қабырғасының қаптамасы желдің салдарынан түсіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

34-шағынаудандағы 17-үйдің қабырғасының қаптамасы жерге құлап, қазір бөлшектерін коммуналдық бөлім мамандары жинап қойды. Куәгерлер қабырғаның жел әсерінен осындай күйге түскенін айтты.

Олар құлаған бөліктер маңайдағыларға зақым келтіре ме деп қауіптенеді. Осы тұста көліктер ағылып жатыр, балалар мектепке барады.
«Біреулердің басына түсіп кете ме деп қорқып отырмыз. Сәл жел көтерілсе, құлап қалатын қандай құрылыс бұл», - дейді тұрғындар.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар