+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

2021 жылғы 24 қаңтар 11:30
Бөлісіңіз:
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда мешіт ғимаратына қарама-қарсы 26-шы ықшамауданда жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы дәрігерлері ер адамның көзінен 3 см сым темір алып шықты Қазақстандағы ақылы жолдарда жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды

Жол апаты 23 қаңтарда шамамен 20:55-те болған. Мешіт ғимаратына қарама-қарсы 26 және 27 ықшамаудандар арасындағы жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.

— Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT