Ақтауда жаяу жүргіншілер жолына күн батареясынан қуат алатын шамдар орнатады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жылдың аяғына дейін жаяу жүргіншілер жолында күн батареясымен жұмыс істейтін шамдар орнатуды жоспарлауда. Қараңғы көшелерді жарықтандыруға уәде беруде. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев айтты, деп жазады Лада.кз.

Ақтауда 15 жаяу жүргінші жолында қосымша көше шамдары пайда болады. Жобаның жаңалығы, шам күн энергиясымен жұмыс істейтін болады.

«15 автомобиль жолдарында жүргіншілерге арналған жолаққа жарықтандыру кешенін орнату жұмыстары жүргізілуде. Шамдар түнгі уақытта іске қосылады, олар энергияны күн сәулесінен алады. Бұл жұмысқа 18,8 миллион теңге бөлінді, жұмыстар басталды, оны «Әсет және А» ЖШС компаниясы жүргізеді», - деді Жетібай Құбашев.

Бөлім басшысының айтуынша, көше шамдарын орнату үшін  жарық орнатылмаған учаскелер таңдалды.

«Жарық жетіспейтін аудандарға орнатылады. Орталық көшеде тергеу абақтысының маңы қараңғы. Кешкі уақыттарда жол нашар көрінеді», - деп атап өтті ол.

Шенеуніктің айтуынша, шам орнату жұмыстары жылдың аяғында аяқталып қалады.

Соңғы жаңалықтар