+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ақтауда жастардың жаппай төбелесі: Полиция мәліметі

2021 жылғы 14 қазан 13:46
Бөлісіңіз:
Ақтауда жастардың жаппай төбелесі: Полиция мәліметі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Ақтауда жаппай төбелес ұйымдастырған жастардың видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
17 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі Қарағанды мектебінде ер адам мұғалімді ұрған Сабақ кезінде шіркейді улау жүргізілген: Ақтөбеде мектеп директоры жазаланды

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған видеоға қатысты ақпарат таратты. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған. Сол күні сағат 23:38 шамасында «102» кезекші пультіне 27 және 28-шағынаудандар аралығында төбелес болып жатқаны туралы шақыру түсті. Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен жүгінбеген.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,- делінген баспасөз хабарламасында.


Видео: Lada.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT