Ақтауда жасөспірімдер жол ортасына әдейі отырып алып, кептеліс тудырған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда жол бойына отырып алып, көлік кептелісін тудырған жастардың кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күні кеше әлеуметтік желіде жасөспірім жігіт пен қыздың жолдан өтіп бара жатып, асфальтқа отыра қалған видеосы жүктелген болатын. Жүргізушілер жолдан кетуін талап етіп дабыл бергенін олар елеп-ескерер емес. Сол мезетте оқиға орнына келген Полицейлер бұзақыларды таппаған.

Видеоны зерттей келе, 5 қараша күні кешкі уақытта кәмелетке толмаған жігіт пен қыздың кім екендері анықталды. Әлеуметтік желіде танымал болу үшін жасөспірімдер осындай қадамға барған. Олардың ата-аналары жауапқа тартылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар