Ақтауда жас жігіт 11-қабаттан құлап, көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлаған жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 18 тамызда түскі уақытта болған.

«102 кезекші пультіне 12-шағын аудан 37-үйінің 11-қабатынан ер адамның құлағаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, сондай-ақ жедел тергеу тобы барды», - деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар