Ақтауда жас дәрігерлер баспана сертификатын алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында бірқатар ақтаулық жас мамандарға баспана сертификаттары берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі меркеде қос қуанышты тойлаған облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі Гүлайым Алпамыс ерекше қуанышқа кенелді. Ол «SENIM» медициналық қызметкерлерінің кәсіби одағы арқылы тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна төлеуге 1 400 000 тг көлемінде қаржы алды.

«Ерекше қуаныштымын! Мен көптен күткен пәтерімді осы Ақтау қаласынан бұйырса алуды жоспарлап отырмын. Бәріңізге алғыс айтамын! Мұндай жаңалықты күтпеп едім. Мерекеде ерекше сый болды!» - дейді Гүлайым Алпамыс.

Гүлайыммен қатар Ақтау қалалық №2 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Мақсат Челеев, Ақтау қалалық №1 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Алеся Аместратенко, Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиолог-дәрігері Мөлдір Шамбилова 3 млн теңге көлемінде қаражатты иеленді.
null

Сондай-ақ, салтанатты жиында 40-қа жуық сала қызметкері «Еңбек Ардагері», ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, Маңғыстауда былтыр саланы дамытуға 27 млрд теңге, биыл 30 млрд теңге қаражат бөлінген. 250 орынға арналған ана мен бала орталығы ашылып, Жаңаөзен мен Бейнеу ауруханасында бүйрек ауруын емдейтін бөлімше пайдалануға берілген.
null

«2011 жылдан бері тұралап қалған облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы қайта жандандырылып жатыр. Мұнайлы ауданында халық саны артуда. Қазірдің өзінде 170 мың тұрғын бар. Сондықтан 4,9 млрд теңгеге 300 орындық аурухана салу туралы шешімдер қабылданды. Өзінің жүрек қалауымен келген ақ халатты жандарды мерекелеріңізбен құттықтаймын!» - дейді шараға арнайы келген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев.
null

Соңғы жаңалықтар