Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты

2018 жылғы 11 желтоқсан 23:23 626
Бөлісіңіз:
Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда металл қабылдайтын база аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралдық тұрғын 17 млн теңгесін қайда жасырғанын ұмытып қалған ШҚО-да өртенген үйдің тұрғыны арқанның көмегімен құтқарылды

«11 желтоқсанда Ақтау қаласындағы 2-інші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, олардың екеуі оқиға орнында қаза тапты.

Бұл жерді полицейлер қоршауға алды. Оқиға орнында ІІД «Арлан» арнайы бөлімшесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы және Маңғыстау облысы ТЖД-інің 9 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеуде.

«Арлан» қызметкерлері  жарылыс орнынан 11 дана  оқыту снарядтарын  тапты»,- деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомоствоның атап өтуінше,  алдын ала болжам бойынша жарылыс снарядты детонациялау кезінде болған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT