+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Ақтауда жаппай төбелес болды

2019 жылғы 23 қыркүйек 13:24
Бөлісіңіз:
Ақтауда жаппай төбелес болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда 12-ші шағынаудандағы №61 үйдің жанында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 22 қыркүйек күні кешкі сағат 19.30 шамасында болған. Футболдан ойын өтіп, командалар арасындағы бәсеке барысында №16 және №12 мектеп оқушыларының арасында жанжал туындаған. Оның соңы төбелеске ұласады. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратқан.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске қатысқан балалар ұсталған.

«102» кезекші пультіне 12-шағынауданда төбелес болғаны туралы шақыру келіп түсті. Шақыруға патруль полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар барды. Аталған төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталып, жауап алу үшін Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Төбелеске қатысы бар жасөспірімдер профилактикалық әңгімеден кейін үйіне жіберілді. Аталған факті «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Алайда, барлық мән-жай анықталғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған жоқ»,-делінген хабарламада.

Полиция басқармасына ешқандай шағым түспеген.

Ата-аналар полиция басқармасына шақырылып, ювеналдық полиция қызметкерлері мен облыс әкімдігі жанындағы балалар құқығын қорғау бөлімінің қызметкерлері ата-аналармен және олардың балаларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT