+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналған: Марқұмның туыстарына айыппұл салынды

2020 жылғы 3 тамыз 23:18
Бөлісіңіз:
Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналған: Марқұмның туыстарына айыппұл салынды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда марқұм Бибіжамал Аблазимованың жаназасына жиналған адамдар үшін оның туыстарына әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша марқұмның туыстарынан айыппұл салынды.

«Туыстарына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Ж. Бақтыбаев.

Туыстарының айтуынша, жиналғандардың көпшілігі ағайын, жақын адамдар.

Еске салсақ, Маңғыстауда 3 тамыздан бастап жаңа карантин талаптары қайта күшейтілді.

Тиісті қаулыға сәйкес, 3 тамыздан бастап облыста барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT