Ақтауда жаңа туған сәбидің өңешіне операция жасалды
2022 жылғы 18 тамыз 02:01

Ақтауда жаңа туған сәбидің өңешіне операция жасалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жаңа туған шақалаққа операция жасалды. Күрделі операцияны «Ана мен бала» орталығында балалар хирургі Құрман Қайранов жасады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәбидің салмағы 1 келі 500 грамм. Бұл - салмағы аз балаға жасалған алғашқы тілік. Білікті мамандардың арқасында ұзаққа созылған ауыр операцияны нәресте жақсы көтеріп шықты»,- дейді дәрігер Құрман Қайранов.

Нәрестенің туғанда өңеші бітеу болған. Оған жасалған операция барысында кеуде тұсы ашылған. Операция 1,5 сағатқа созылған.

Сәби аман-есен үйіне шығарылған. Енді толық сауығып кеткенше мамандардың бақылауында болады.



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT