+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда жалғыз өзі теңізде шомылып жүрген 3 жасар балақай құтқарылды

2020 жылғы 2 тамыз 00:14
Бөлісіңіз:
Ақтауда жалғыз өзі теңізде шомылып жүрген 3 жасар балақай құтқарылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда теңіз жағалауында жалғыз жүрген кішкентай бала ата-анасына табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Осы көріністі Ақтау тұрғыны камераға түсірген. Оның айтуынша, кішкентай балақайды жағалауды патрульдеп жүрген полицейлер тауып алған.

«Бұл жағажайда карантин кезінде шомылуға тыйым салынған. Бірақ кішкентай бала шомылу үшін теңізге қарай бара жатты. Полиция қызметкерлері бүлдіршінді байқап қалып, оны судан шығарды. Жанында үлкендерден ешкім жоқ. Ата-аналар, балаларыңызға абай болыңыздар» дейді оқиғаны түсіріп алған ақтаулық әйел.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіншее, бұл жағдай бүгін болған. Бөбектің жасы небары үште. Жағалаудағы үйлердің бірінде тұрады.

«Енді ғана теңізге түсіп, шомыла бастаған балақайды біздің полицейлер дер кезінде байқап қалды. Бір полицей бүлдіршінді алып шығу үшін теңізге түсуге мәжбүр болды, өйткені бала жағалаудан біршама алысқа кетіп үлгерген еді. Оны судан алып шыққан кезде әпкесі келді. Ол жарты сағаттан бері баланы таппай, шарқ ұрып іздеп жүрген екен. Бала тәтесіне тапсырылды» деп түсіндірді облыстық полиция департаментінен.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT