Ақтауда жалған бомба тастап, жұрттың үрейін ұшырғандар іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жуырда әлеуметтік желіде Ақтау көшелерінде қара сөмке тастап, жұртты шошытқан жігіттер туралы видео жарияланған еді. Енді осы ойынды ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

Бейнетаспада араб киімін киген жігіттер аялдамада, дүкенде қара сөмкені тастап, қаша жөнелгені түсірілген. Күдікті сөмкеден қорыққан тұрғындар жанталаса қашуда. Қазір құқық қорғау қызметкерлері роликті түсіргендерді іздеп жатыр.

«Instagram желісінде жарияланған ролик иелеріне іздеу жарияладық. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың нормаларын бұзған»,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар