Ақтауда жағажай және демалыс базалары жұмыстарын бастайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының аумағында 1 маусымнан бастап карантиндік шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысында 1 маусымнан бастап карантиндік шаралар жеңілдейді.

1.Облыс аумағында жалпы қозғалысқа сағат 6:00 – 23:00 аралығында рұқсат етіледі;

2. Спорт залдардағы спорттық жаттығуларға жұмыс регламентін шектеусіз, ғимарат ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып рұқсат етіледі;

3. Қоғамдық тамақтану орындарына, дәмханалар мен мейрамханалар (тойханаларды қоспағанда) 50 адам отыратын орыннан асырмай, эпидемияға қарсы шараларды және ара қашықтықты қатаң сақтай отырып сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

4. Жағажай және демалыс базалары эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтай отырып жұмыстарын бастайды;

5.Қоғамдық моншаларға және СПА орталықтарына ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі;

6. Сауда ойын-сауық орталықтары сағат 9:00 – 22:00 аралығында қызметтерін жалғастырады. Бірақ, кинотеатрлар мен балалардың ойың алаңдарына және мұз айдындарына уақытша рұқсат етілмейді;

7. Жетібай мен Мұнайшы ауылдарына кіру және шығуға шектеу қойылады (яғни, блокпосттар орналастырылады);

8. Мекемелерде қызметкерлер санының 50%-ын қашықтықтан жұмыс жасату тәртібі жалғасады.

Жағдайға байланысты карантин талаптарын жеңілдету жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасатын болады. Ал, басқа жағдайлардағы шектеулер мен жасалған жеңілдіктер өзгеріссіз қалдырылады.


Соңғы жаңалықтар