Ақтауда жағалаудағы жартастың бір шеті опырылып түсті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда теңіз жағалауындағы жартастың бір шеті опырылып қалды. Жауапты мамандар «бұл әдейі жасалмаған, жартастар табиғи жолмен құлаған» деп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1450 метрге созылған «Жартасты соқпақ» жобасы былтыр халық игілігіне беріліп, Маңғыстаудың көрікті орындарының біріне айналған еді. Каспий жағалауы елдерінің бесінші саммиті аясында жағалуға тарихтан сыр шертетін балбалтастар қойылып, алыстан көз тартар түрлі-түсті диодты шамдармен безендірілді. Тұрғындар үшін жайлы орындықтар орнатылып, ағаш көпір жасалған болатын. Дегенмен, көп ұзамай әсем көріністің сиқы кетіп, соқпақ жартылай жабылып қалды.null

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жартасты соқпақ» жобасы қала әкімдігінің балансында емес. Сондықтан жағдайды құрылысты жүргізген «Нұрсат» ЖШС бас инженері Сәбит Бегиев түсіндіріп берді. Оның айтуынша, жоба әлі аяқталмаған. Құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

«Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта құлаған жартастың орны тазаланды. Сонымен қатар, қауіпті аймақ ретінде сол учаскені лентамен қоршап қойдық. Жартастың құлауы - табиғи жағдай. Оған құрылыс жұмыстарының қатысы жоқ. Ол жерде жұмыстар тамызда аяқталған болатын. Жоба толығымен осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. Бәрі біткенде арнайы құрылғылармен тексереміз. Бұл жерде мердігер мекеме өкілдері қателік жасамады»,-дейді ол.

null null null

Соңғы жаңалықтар