Ақтауда жағадан 150 метр жерде суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы 1 мөлтекауданның жағалауынан суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға бүгін болды. Бейнеу ауданының 17 жастағы тұрғыны суға түсуге арналмаған жерде шомылған. Ол жағалаудан 150 метр қашықтықта шомылып жүріп, суға бата бастаған. «Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Хамит Асқар, Ермек Айдарбеков, Төребек Құлжабаев суға ағып бара жатқан 2000 жылғы Бейнеу ауданының тұрғынын құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді, зардап шегуші үйіне жіберілді», - деп түсіндірді оқиғаны төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Қожабекова.

Сондай-ақ, ол суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылардың күн сайын қаладағы жағажайлық аймақтарда кезекшілік еткендерін еске салды. 

Соңғы жаңалықтар