Ақтауда заңсыз жұмыс істеп келген букмекерлік кеңселер жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында барлық заңсыз букмекерлік кеңселер мен ойын залдары жабылды. Былтыр рейд барысында барлығы осындай 17 заңсыз орын анықталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, рейд барысында 17 заңсыз жұмыс істеп келген кеңсенің ішінде ойын автоматтары мен онлайн-казино бар екені анықталған. Иелерінің тиісті құжаттары жоқ. Мемлекетке салық төлемей, миллондап қарызданған.

МО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ақпарат кірістер департаментіне жолданған. Айта кету керек, өңірде заңға сәйкес, тек 20 букмекерлік кеңсе ғана тіркеліп отыр.

«Биылға арнайы ұйымдастырылған шұғыл іздестіру шаралары кезінде облыс бойынша 247 ойын компьютері мен автоматтары, 70 монитор және 1 768 000 теңге және 8 кассалық апарат тәркіленді. Қазіргі таңда заңсыз жұмыс істеп тұрған бірде-бір букмекерлік кеңсе немесе ойын залдары жоқ. Бәрін жауып, мүліктерін тәркіледік»,-дейді МО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Соңғы жаңалықтар