Ақтауда заңсыз жұмыс істеген 2 букмекерлік кеңсе анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қалада заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік орталықтарды анықтады. Қазір олардың мүлкі тәркіленіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері рейд жүргізді. Нәтижесінде, алдымен 7-шағын ауданда заңсыз букмекерлік орталығы анықталды. Дүкен ішінен 22 компьютер және 2 кассалық аппарат тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ, 5-шағын ауданда орналасқан шағын маркеттің бірінің жер төлесінде заңсыз жұмыс істеген букмекер кеңсе орталығы анықталды. Заңсыз бәс тігетін жерден 21 компьютер, 2 кассалық аппарат, 4 теледидар және 2 ойын терминалы тәркіленді.   null 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.null 

Соңғы жаңалықтар