Ақтауда заңсыз жиналған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары басталды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған 9 заңсыз қоқыс үйіндісі бар. Қазір аталған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рейд кезінде қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қызметкерлері қоқыс жиі жиналатын орындарды тапты. Қазір біз оларды жою бойынша жұмыс істеп жатырмыз» - деді Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев.

Қалада қоқыс жиналған аумақтар:

1. 5-өндірістік аймағының жаны

2. «Рауан» тұрғын массиві

3. 7-өндірістік аймағының жаны (Жылы жағажай, Өмірзақ ауылы, Приморский қиылысы)

4. «Приморский» тұрғын массивінің және 1-кәріз суын тазалау құрылғысының арты

5. 20 ш/а арты

6. «Мастер Дом» сауда үйінің артқы беті

7. «Кіші Оймашы» аумағы

8. «Нұр Плаза» демалыс орны

9. 34-14

Мамандар стихиялық полигонның қайта құрылуына жол бермеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарынан басқа, стихиялық полигондар аумағында бейнебақылау камералары орнатылады.



Соңғы жаңалықтар