Ақтауда заңсыз сауда дүңгіршектері алынып тасталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда көтерме базарлардың аумағында заңсыз саудамен айналысқан дүңгіршіктер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басында облыс әкімі Ералы Тоғжановтың жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау туралы тапсырмасына сәйкес, қала аумағында белгіленген орындардан тыс жерлерде ретсіз сауда және заңсыз дүңгіршектер мен сауда орындарын болдырмау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

Мамандар «БазаОРС» көтерме базары мен «РуссКаз» базары аумағында мониторинг жүргізіп, бірқатар заңсыз орналасқан сауда нүктелерін анықтаған. Мониторинг нәтижесінде «БазаОРС» аумағында 17 сауда дүңгіршегі, 3 жеміс-жидек сататын, 1 самса саудалайтын дүңгіршек заңсыз деп танылған. Анықталған кәсіпкерлердің жұмысы тоқтатылып, контейнер орнынан алынды.

Жалпы, қала бойынша барлығы 12 базар бар. Ақтау қаласы бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Демеуғали Баковтың айтуынша, барлық жерде осындай жұмыстар жүргізіледі. Басты назарда - сауда нүктелерін заңдастырып, бюджет түсімдерін ұлғайту.

«РуссКаз» базарының директоры Юрий Волков декларацияда «нысанда сауда орындары - 56» деп көрсеткен. Ал мониторинг нәтижесінде 204 сауда орны анықталды. Айырмасы - 148 бірлік. Бұл сауда орындары көрсетілмеген, яғни олар үшін салық төленбеген», - деді Демеуғали Баков.

null 

Қазіргі таңда тозығы жеткен базарларды санитарлық, техникалық талаптарға сай модернизациялау жұмысы басталып жатыр. Мәселен, «РуссКаз» базарында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде заманауи сауда үйінің құрылысы басталмақ. Базар басшыларының айтуынша, қазіргі уақытта сметалық-жобалық құжаттамалар әзірленіп, эскиздер даярлану үстінде. Жалпы, 2020 жылға дейін барлық базарларды ортақ талаптарға сай жаңғырту көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Ақтау қаласы әкімінің қаулысымен берілетін маусымдық саудаға арналған 299 нүкте белгіленді. Бұл мәселе қоғамдық кеңесте мақұлданып, әділет органдарымен келісіліп жатыр. Жеміс-көкөніс және бау-бақша өнімдеріне - 148 орын, балмұздақ, жүгері, алкогольсіз сусындарға - 55 орын, квасқа - 96 орын беріледі. Бұл сауда нүктелері бірыңғай үлгіде болады.

null 

Соңғы жаңалықтар