Ақтауда заманауи қоқыс жәшіктері қойылып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қоқыстарды сұрыптап салуға арналған жәшіктер қойылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 жәшіктің бірі - шыныға, екіншісі - пластикалық бұйымдар мен қағаздарға, соңғы екеуі  тұрмыстық қалдықтарға арналған. Бастаманы «Caspiy operating» ЖШС іске асырып отыр.

«Қазір 8-шағынаудандағы 5 үйдің жанына қойылды. Алдағы уақытта басқа жерлерге де орнатылады»,-деп хабарлады Ақтау әкімдігінен.

«Caspiy operating» ЖШС өкілдігі  бұл бастаманың әзірше пилоттық жоба ретінде іске асырылып жатқанын, ресми тұсаукесері 15 қарашада болатынын атап өтті.

Осы уақытқа дейін қалада қағаздарға, бос сусын шөлмектеріне арналған түрлі-түсті  контейнерлер қойылған еді.

Соңғы жаңалықтар