+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Ақтауда заманауи Бокс орталығы пайдалануға беріледі

2020 жылғы 5 маусым 05:04
Бөлісіңіз:
Ақтауда заманауи Бокс орталығы пайдалануға беріледі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында салынып жатқан жаңа Бокс орталығының құрылысы 90% аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Жұмабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоспар бойынша Бокс орталығы тамыз айында қолданысқа берілмек. Мұнда спорттың 6 түрімен айналысуға мүмкіндік болады. Олар: қазақ күресі, бокс, грек-рим күресі, каратэ, таеквондо және ауыр атлетика. Спорт кешеннің сыйымдылығы 20 мың шаршы метр, жанында 99 адамға арналған қонақүй бар. Жүзу бассейні, баскетбол, волейбол, футбол стадиондары бар.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бірнеше спорт нысаны жөндеуден өткізілмек. Олардың 3-еуі Ақтау қаласында, 1-еуі Жаңаөзен каласында, үшеуі Маңғыстау ауданында орналасқан.

«Қыркүйек айында спорт түрлерінен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – облыс дәрежесінде осы жылдың ең ауқымды іс-шараларының бірі болмақ. Облыс бойынша барлық тұрғындарды Президенттік тестілеуге шақырамын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады», - деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Жұмабаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT