Ақтауда зағип балаларға арналған ертегілер брайль жүйесінде жасалды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасындағы арнаулы бөлімнің әлеуметтік қызметкері Саида Құсайынова балаларға арналған кітапшалар мен ертегілерді брайль жүйесінде дайындап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар жаңа жылға сыйлықтар күтеді. Көңілдерін көтеру үшін мен де тырысқым келді. Балаларға арналған бұл кітапшалар қол моторикасын дамытып, олардың оқуға қызығушылығын арттырады деп сенемін» - деді Саида Құсайынова.

Айта кетейік, Саида Құсайынова барлығы 8 кітапша дайындап шыққан. Оның бесеуі – ертегі, екеуі балалардың қызығушылығына қарай жасалған Түрік қағанаты мен Моцарттың өмірбаяны кітапшасы және біреуі – көрнекі құрал.

Саида Құсайынова - 30 жаста. 2019 жылдан бері кітапхананың арнаулы бөлімінде әлеуметтік қызметкер ретінде брайльдан балаларға қосымша сабақ жүргізеді. Ол - Орал қаласындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мектептің түлегі.


Соңғы жаңалықтар