01:37, 08 Мамыр 2023 | GMT +6
Ақтауда яхта суға батып кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.
«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы.
Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.
«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.
Айта кетсек, бұған дейін Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында теңізшілер кемелерді жазғы кезеңге дайындап жатқаны хабарланған болатын. Әскери қызметшілер қару-жарақтың жай-күйін тексеріп және анықталған ақауларды жояды.