Ақтауда велосипедшіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда велосипед мінген адамды қағып, жазым еткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, оқыс оқиға осыдан 10 күн бұрын «Химик» ауылындағы жолда болған еді. Shacman ауыр жүк көлігі жол шетінде кетіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетіп, ол ауыр жарақат салдарынан сол жерде көз жұмған болатын. 

Соңғы жаңалықтар