Ақтауда үздік журналистер мен ҮЕҰ марапатталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бүгін екі конкурстың нәтижесі қорытындыланды: «Алтын Қалам - 2016» және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы байқау.

10 үкіметтік емес ұйым мен 10 журналист жеңімпаз атанды, деп хабарлайды солардың бірі болған «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 

«Байқауға 25 қатысушыдан 53 жұмыс келіп түсті. Жеңімпаздарды ардагер журналистер мен қоғам қайраткерлерінен құралған тәуелсіз комиссия анықтады. Конкурсты  Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы қарым-қатынас пен диалогты дамыту жұмыстарының ұйымы» жобасы аясында «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі («МОАЛ» ЗТБ) жасады. Мақсат - облыстағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға арналған үздік жұмыстарды анықтап, азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәселелерін шешу», - деді «МОАЛ» ЗТБ президенті Жібек Ахметова.

 

«Екі конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймын! Қатысушыларға мықты денсаулық, жұмыстарына табыс, шығармашылық бастамалар мен барлық жақсылықтарды тілеймін», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

«Өтініштер көп болды, ал номинациялар 10 ғана. Үздіктердің үздігін таңдау қиынға соқты. Бүгінгі марапат иегерлері - бәріне лайықты», - деп атап өтті «Алтын Қалам - 2016» конкурс комиссиясының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының Маңғыстау облысындағы бөлімше төрағасы Петр Долматов.

 

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» номинациясы бойынша «Маңғыстау» газетінен Фарида Мұңалқызы, «Тәуелсіздік тағылымы - ұлт тарихы» номинациясы бойынша журналист Нұрғаным Имашева, «Менің елім - Мәңгілік ел» номинациясы бойынша «Ақкетiк  арайы» газетінен Милана Елеусінова, «Мемлекеттің басты капиталы - білімді жастар» номинациясы бойынша «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Елена Калинина, «Ауылым - алтын бесігім» номинациясы бойынша «Казақстан-Ақтау» телеарнасының журналисі Ақсындар Шораева, «Дені cay ұлт - ел болашағы» номинациясы бойынша «Маңғыстау» газетінің журналисі Венера Мирлан, «Тұлға» номинациясы бойынша «Казақстан-Ақтау» телеарнасының журналисі Жұмазия Оразай, «Туған жерім - тірегім» номинациясы бойынша «Казақстан-Ақтау» телеарнасының журналисі Айгерім Ашықбаева, «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» номинациясы бойынша «Маңғыстау» газетінен Жеменей Голрох, «Экология» номинациясы бойынша 7292info.kz сайтынан Айгүл Деден марапатталды. Барлық жеңімпаздар мақтау грамоталары, гүл шоқтары, ақшалай сыйлықтар мен «Алтын қалам» мүсіншесіне ие болды.

 

Үздік ҮЕҰ ретінде «МОАЛ» ЗТБ», «Экон Маңғыстау» ҮЕҰ, «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» корпоративтік қоры, «Шаңырақ» қоғамдық қоры, «Рай» халықты жедел әлеуметтік қорғау орталығы» жекеменшік мекемесі, «Алас» құқықтық қолдау орталығы», «Мейiрiм», «Ұрпақ-Next», «Жастар жетicтiктерi» қоғамдық қорлары жеңімпаз деп танылды. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мақтау грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды. 



 

Соңғы жаңалықтар