Ақтауда үйінде марихуана өсірген тұрғын ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық тұрғыннан марихуана мен револьвер тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары 15 шағынауданның 21 үйдің жанынан күдіктіні ұстаған. Тінту барысында ер адамнан салмағы 6,23 грамм марихуана салынған пакет, темекі шегуге арналған пластикалық бөтелке, «Дан Вессон» маркалы револьвер және төрт патрон мен «Смит Вессон»маркалы пышақ тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297 - бабының 1-бөлігі, ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірумен айналысқан 53 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын анықтады. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша марихуана өсіргені белгілі болды. Полиция қызметкерлері тыйым салынған өсімдіктің 92 бұтақшасын сын тәркіледі. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар