Ақтауда үй маңдайшасының құлауынан зардап шеккен ер адамға ота жасалды

None
Фото: lada.kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бетонды күнқағардың құлауынан зардап шеккен ер адамға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оң аяғының ашық сынық жарақатына байланысты зардап шегушіге металлосинтез операциясы жасалды. Сүйек сынықтарын біріктіру аяқтың берік бекітілуін қамтамасыз етеді. Науқас дәрігерлердің бақылауында», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 11 мамыр күні Ақтауда 9-шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі бетонды күнқағар опырылып құлап, бір адам қаза болды. Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейін олардың бірі үйіне шығарылды.


Соңғы жаңалықтар