Ақтауда үстіне диван құлаған жігітке елордалық дәрігерлер ота жасады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6-қабаттан лақтырылған жиһаз үстіне түскен 39 жастағы азамат ауыр зардап шеккенін жазған едік.

Науқастың аяқ-қолы істемей қалған.

«Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде»,-деді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.

Дәрігерлер алдағы уақытта науқасты бөлімшеге шығару жоспарланып отырғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар