Ақтауда үшем дүниеге келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы Ана мен бала орталығында үшем дүниеге келіп, бүгін үйіне шығарылды. 33 жастағы Гүлдана Мұсағалиева - 4 баланың анасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшемнің біреуі - қыз бала, салмағы 1500 грамм, екі ұл баланың бірінің салмағы - 1790 грамм, екіншісі - 1,690 грамм болып туды. Қазір әрқайсысының салмағы 2 келіден асқан.

Дәрігерлердің айтуынша, қиындықтарға байланысты жүктіліктің 33-аптасында келіншекке кесар тілігі отасын жасауға тура келген. Ота сәтті өтіп, анасы бөбектерін бауырына алды. Анасының да, нәрестелердің де жағдайы бірқалыпты. Сондықтан олар үйіне шығарылды.

Келіншектің айтуынша, үш балаға ана болатынын ол жүктіліктің алғашқы аптасында білген.

«Бұл жолдасым екеумізге күтпеген жаңалық болды. Туғаннан кейін де, жүктілік кезінде де қиындықтар болды. Бірақ, дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Алғысымды айтамын, Аллаға шүкір», - дейді Гүлдана Мұсағалиева.
null

Бақытты отбасының тұңғышы 7 жаста.

«Жолдасым екеуміз бір бөлмелі пәтерде тұрамыз. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейміз. Облыс басшылығы енді кең үймен көмектеседі деп үміттенемін»,-дейді жас ана.

Ана мен бала орталығының мәліметінше, бұл - осы жылы дүниеге келген екінші үшем. Осыған дейін ақпан айында Жаңаөзен қаласының тұрғыны үшем босанған.

null

Соңғы жаңалықтар