Ақтауда ұшақ бортынан шұғыл ауруханаға жеткізілген 6 айлық сәби көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – 30 қарашада ұшақ бортынан шұғыл ауруханаға жеткізілген 6 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Нәресте өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал, 2 желтоқсан күні биологиялық өлім тіркелді. Дәрігерлер баланы құтқара алмады. Баланың ата-анасы Оралдың тұрғындары», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Айта кетейік, 30 қараша күні Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралғанын жазған болатынбыз. «SCAT» әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова хабарлағандай, бортта болған бала өзін нашар сезінген.




Соңғы жаңалықтар