Ақтауда үш баласын өлтірді деп айыпталған әкенің ісі бойынша тергеу аяқталды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда үш баласын өлтірді деп күдікке ілінген әкенің қылмысы бойынша тергеу аяқталды. Сотқа дейінгі тергеу прокурордың қарауына жіберіліп, содан кейін сотқа жолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облысының полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-ші шағынауданда 36 жастағы ер адам жеті, тоғыз және он екі жастағы үш баласын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар