Ақтауда үлескерлерді алдап, пәтерсіз қалдырған компания басшысы қамалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда үлескерлерді алдап, пәтерсіз қалдырған компания басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтау қаласы әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысының Полиция департаменті «Гаухартас» тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (ірі көлемде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Күдікті ретінде «Тастемир ЛТД» ЖШС басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін ақтаулық 200 үлескер заңсыз құрылысқа ақша салып, алданып қалғанын жазған болатынбыз. Аз уақыттың ішінде үш бірдей тұрғын үй кешенінің құрылысты рұқсатсыз жүргізгені анықталды.

Мәселен, «Гаухартас» және «Махаббат» кешендері жобаға сәйкес келмейді.



Соңғы жаңалықтар