+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Ақтауда үлескерлерден заңсыз ақша алған алаяқ компаниялар жазаланды

2019 жылғы 8 қараша 18:53
Бөлісіңіз:
Ақтауда үлескерлерден заңсыз ақша алған алаяқ компаниялар жазаланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бірнеше құрылыс компаниясы жауапқа тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың ұзаққа созылған құрылыс нысандарында қандай жұмыс жүргізілуде Елордада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй сүріледі Елорда әкімі пайдалануға берілмеген тұрғын үйде тұрып жатқандардың шағымын тыңдады

Әлеуметтік желілерде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер сатылымға шыққаны жөнінде жариялануда. Дегенмен, ол үшін үлескерлер қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілер ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органнан берілетін рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

«Алайда, бүгінгі күні Ақтау қаласы аумағында тұрғын үй салып жатқандар үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат сұрап жүгінбеген. Яғни бір де бір тұлғада аталған рұқсат жоқ. Маңғыстау облыстық прокуратурасы ұсынған деректерге сүйенсек, қыркүйек айының соңында Ақтау қалалық сотының шешімімен «НиетСтройСервис» директоры аса ауыр сипатта алаяқтық жасады деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды» делінген өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Үлескерлер қаражатын заңсыз тартқаны үшін бірнеше құрылыс компаниясының өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ҚР «Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 320-бабы бойынша 3 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды. Олар - «Компания СтройАльянс», «KZ West Snab» және «Ниет Строй Сервис».

Қала аумағында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлерге қатысты қандай да бір ақпарат қажет болса, Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарласуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT