Ақтауда тыйым салынған жерде суға түспек болған 3 адам суға кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы 4 шағын аудандағы теңіз жағалауынан ер адамның өлі денесі табылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент мамандарының айтуынша, ер адам теңізге батып кеткен. Құжаттары қасында болмаған соң оның тұлғасы анықталмаған.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының екі тұрғыны өткен демалыста суға кетті. Біріншісі «Шора» маңында, ал екіншісі «Таразик» деп аталатын аумақ жанында мерт болды. Өкінішке қарай, олардың біреуінің денесі әлі табылмаған.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың екеуі де тыйым салынған жерде суға түскен. Сондықтан, ақтаулықтарға айтарымыз - сақ болғандарыңыз жөн! Тыйым салынған жерлерде суға түспеулеріңізді сұраймыз»,-дейді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Нұржан Борашев.

Соңғы жаңалықтар