Ақтауда туыстары үш күн бойы іздеген 25 жастағы жігіт табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда осыдан үш күн бұрын үйінен достарымен шығып кетіп, оралмаған жігіт аман-сау табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы баланың әпкесі Аида мәлім етті. Оның айтуынша, біреулер інісі Нұрлан Тастеміровты 28-ші шағынаудандағы №17 үйдің жанынан көргенін айтып, хабар берген. Сол жаққа дереу туыстары барады. Інісін сол жерден табады.

Ал, Нұрлан үш күн бойы қайда болғанын айтпаған.

Еске сала кетейік, Ақтауда 25 жастағы Нұрлан Тастеміров 26 шілде күні кешкі сағат 18.30-дан бері хабарсыз кеткен болатын. Т уыстарының айтуынша, ол достарымен бірге теңіз жағасына қыдыруға шыққан.

Соңғы жаңалықтар