Ақтауда түйемен соқтығысқан көліктегі 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Жаңаөзен - Ақтау» тасжоында болған жол апатынан 2 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасжолда көлік түйемен соқтығысқан.

«Көлікте 4 адам болған. Хабар түскен бойда оқиға орнына жедел жәрдем бірден жіберілді. 2 адамның қайтыс болғаны оқиға орнында белгілі болды. Оның біреуі - 4 жасар бүлдіршін. Қалған 2 адам облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Олар әр түрлі дене жарақатын алған» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар