Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Ақтауда қылмыскер түрмеден қашып кетті

2019 жылғы 9 ақпан 15:51 1261
Бөлісіңіз:
Ақтауда қылмыскер түрмеден қашып кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жол талғамайтын көлікті ұрлады деген күдікпен шетелдіктер ұсталды Алматы облысында екі күнде мал ұрлығының 39 дерегі ашылды

Қоныс колониясынан қашқан 30 жастағы Мереке Бердиев 2017 жылы тонау қылмысы үшін 4 жылға сотталып, жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеуге тиіс болатын.

«Ол жазасын өтеу кезінде өзін жақсы жағынан көрсетіп, тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты, осылайша 4 рет ынталандырылған. Жазасының үштен бірін өтеп болған соң ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес, Ақтау қалалық соты 2018 жылдың 10 шілдесінде Бердиевті  қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған. Сотталушы Мереке Бердиев қоныс колониясына келген соң Ақтау қаласында орналасқан «Ақтау-Еңбек» РМК-ға жұмысшы болып орналасады. Биылғы 4 ақпан күні ол жұмыс орнынан шығып кеткенімен, қоныс колониясына келмеген. Сол күннен бастап оған іздеу жарияланды» деп мәлім етті ведомстводан.

Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалып, Маңғыстау облыстық полициясымен бірлесіп қашқынды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT