Ақтауда туристерге волонтерлер көмек көрсетеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл маңғыстаулық волонтерлер аймаққа келген шетелдік және отандық қонақтарға қызмет көрсетіп, өңірдің тарихымен, мәдениетімен таныстырып, туризмнің дамуына зор үлес қоспақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, «Бекен жас көшбасшылар» достастығы волонтерлік корпусы биыл Корпоративтілік және «Еvent» волонтерлік қызмет аясында жұмыс атқармақ. Түрлі халықаралық, республикалық саяси, мәдени және спорттық шараларға қызмет көрсетеді. Осы мақсатта былтыр 25 бала ағылшын тілі курсын тәмамдаса, биыл тағы 100 еріктіні тіл курсынан өткізу жоспарланып отыр.

«Әрқайсысының өз бағыты мен жоспары бар. Алдағы уақытта жеке тоқталып, таныстырып отырамыз. Осы мақсатта Президент жариялаған волонтерлар жылына үлес қосу үшін бүгін біз, Қоғамдық коммуникация орталығы ірі үш волонтерлік ұйыммен ынтымақтаса іс атқаруға уағдаластық. Бәрі сәтті болғай!» - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Гүлмира Әбішова.










Соңғы жаңалықтар