Ақтауда тұрғындар заңсыз сақтаған қаруларын тапсырып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық тұрғындар 7 атыс қаруын Полиция департаментіне ерікті түрде тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде 2 ойық ұзын ұңғылы және 5 тегіс ұңғылы қару бар.

Еске сала кетсек, өңірде қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Ал қарулар аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдануда.

Аталған шараға Маңғыстау облысы бойынша республикалық бюджеттен 3 млн 838 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен тапсырған әрбір қарулар мен оқ-дәрілер үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр.

Айта кеткен жөн, заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз ерікімен тапсырған азамат әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.

Соңғы жаңалықтар