Ақтауда тұңғыш рет велосипедтерді жалға беру жүйесі іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен  «Aqtaybike» жүйесінің  ашылу салтанаты  өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Ақтау қаласы «Aqtay bike» автоматтандырылған велосипед жылжымалы жүйесі іске қосылған елдегі төртінші қала болды.

Ақтау қаласында 76 тұрақ орны мен 38 велосипедке арналған 5 велосипед станциясы орнатылды. Велосипедтерді жалға алу үшін бірінші кезеңде 180 велосипедке арналған 25 велосипед станциясы орнатылады.

Келесі кезең - 820 велосипедке арналған 75 велосипед станцияны орнатылады.  Жалпы  Ақтау қаласында 100 велосипедті жалға беру стансасын салу жоспарда бар.

«Velocity.kz» қоғамдық қорының директоры Алмагүл Қасымованың мәлімдеуінше  бұл жүйе «жасыл» экономикаға сәйкес күн энергиясы бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ,  қала тұрғындары мен қонақтарына велоспортпен шұғылдануға қолайлы жағдайлар мен бос уақытын денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдасы тиерліктей демалуға мүмкіндіктер туғызады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қосымша велосипед станцияларының орналасқан жері туралы, станцияның астындағы учаскелерді жасау және жол қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, қала бойынша велосипед жолдарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Аталған әлеуметтік жобаны «Velocity.kz» қоғамдық қоры жүзеге асырып отыр. Велосипедтерді пайдалану үшін әртүрлі топтарға арналған қол жетімді тарифтер қарастырылған, сонымен қатар зейнеткерлер мен студенттер үшін 50% жеңілдік бар.

Айта кетейік, велосипедті жалға алу барысында алғашқы 30 минут тегін. Ары қарай бекітілген тарифтер бойынша бағамдау іске қосылады. Мәселен, 31-ден 60 минутқа дейін - 100 теңге, 61-ден 120 минутқа дейін 250 теңге, 121-ден 180 минутқа дейін 500 теңге, 181-ден ары қарай әр сағат (үш сағаттан бастап) 1000 теңгені құрайды. Бұл жүйе әлемнің 13 елінде, оның ішінде Қазақстанда да табысты жұмыс жасайды.

№1 станция - ботаникалық бақ

№2 станция - Теңіз жағажайы  (14 ш/а. I love Aktau)

3-ші станция - Теңіз жағажайы (15 ш/а. K7 тобы)

№4 станса - «Бәйтерек» сауда үйі

№5 станция - Достық үйі (34 қабат).

null null 

Соңғы жаңалықтар