Ақтауда тұңғыш электробустар жолға шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда алғаш рет әуежайдан қалаға дейінгі бағытта электробустар жолға шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан былай, аталмыш бағытта қоршаған ортаға зиянсыз көлікпен жолаушылар тасымалдайтын болады.  Бір ерекшелігі, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электр автобустары электронды билет беру жүйесімен жабдықталған. Ақтау қаласы аталған жүйемен жабдықталған еліміздегі үшінші қала. Жолаушылар енді жолақыны ыңғайлы тарифтер арқылы банктік және көліктік карталармен төлей алады.

«Бұл автокөліктердің ең басты ерекшелігі олардың «жасыл теxнологияларға» сәйкес электр қуатымен, яғни атмосфераға зиянды шығарындыларсыз жұмыс істеуі. Сонымен қатар, қолданыста бұл автобустар үнемді: мысалы, дизельді отынмен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 4 есе және газбен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 3 есеге үнемді. Осының нәтижесінде автобустардың өтелімділігі 3-4 жыл болып табылады. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автобустарға 2 жылдық кепілдік береді, бұл өз кезегінде қолданыстағы сенімділікті қамтамасыз етеді»- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
null 

Ал, электронды билеттер - «ақылды қала» инфрақұрылымының бөлігі және енгізілуі оңай болып табылады. Ол bpcbillet.com порталы және автобустарға орнатылған билеттерді басып шығаратын көпфункционалды валидаторлардан тұрады.

Электр автобусының жиынтығында бірден екі электр автобусын қуат көзімен қамтамасыз ете алатын тұрақты электр қуатының тұрағы бар.

«Бұл біздің компанияның инновациялық автокөліктерді құрастыруда бірінші тәжірибесі және алдағы уақытта экологиялық таза көліктерді құрастыруға дайын.  Ankai зауытының өндірістік қуаты жылына 35 мың қалаіші, қаласырты, экскурсиялық, газ бен электр қуатында жүретін автобус өндіріп шығаруға жетеді. Автобустардың дәл осы жиынтығы Бесінші Каспий саммиті делегаттарының қолдануына және кейін Ақтау қаласында әлеуметтік маңыздылығы бар бағыттар бойынша қолдану үшін жинақталды. Жаппай сұраныс болса, біздер сериялы өндіріске жіберуге дайынбыз, - деді автобусты құрастырған «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директоры Миxаилс Кветнис.

Айта кетейік, 47 адамға арналған Ankai жолаушылар автобусы конди жүйесімен жабдықталған және қала сырты жолдарына бейімделген. Салонда 4 бейнекамера, электронды автоxабарлаушы, сондай-ақ қол жүгіне арналған сөрелер бар. Орындық арқаларына ұялы телефондар мен өзге де электр құралдарын зарядтау мақсатында USB тетіктері орналасқан.
null 

Жаңа автобустардың ең басты ерекшелігі - электр қуатымен қозғалуында, бұл экология үшін қауіпсіз және үнемді. Бір толық қуат алғаннан кейін жұмыс істеу көлемі 160 километрді құрайды. Батареяны толықтыру үшін 2,5-4 сағат мөлшеріндегі уақыт қажет.

Соңғы жаңалықтар