Ақтауда тозығы жеткен 800 үй жөндеуге мұқтаж

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы 800 көп қабатты үйге жөндеу жұмыстарын қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үйлер ескіріп, әбден тозығы жеткен. Әрі салынғанына 25 жылдан асқан.

Ал биыл бюджеттен 20 үйдің ғана жай-күйін саралауға 20 млн теңге бөлінген.

«Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер мекеме анықталады. Бұдан соң әр үйдің нақты қай тұсын қалпына келтіру қажеттігі белгілі болады», - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.

Жалпы Ақтауда 2 мыңға жуық көпқабатты үй бар.


Соңғы жаңалықтар