Ақтауда теңізге батып кеткен бозбаланың денесі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізіне батып кеткен колледж студентінің денесі 6 м тереңдіктен шығарылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Департаменттің 20 қызметкері 2 техника және 2 жүзу құралы, 1-гидраскутордың көмегімен 2004 жылы туған жігітке іздеу жүргізді. Сағат 07:33-те ТЖД ЖҚБ күшімен жігіттің денесі судан табылды», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 7 маусым күні сағат 16:20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында бір адамның суға кеткені туралы хабар түскен еді. Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегеновтің айтуынша, үш жігіт пирстен теңізге секірген. Екеуі жағаға жүзіп шыққан, ал біреуі батып кеткен.



Соңғы жаңалықтар